Олжас Абайұлы Бектенов
Спикер
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Өмірбаяны
Олжас Абайұлы Бектенов
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік заң академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген (2001).
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.
2005-2006 жылдары — ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде заң бөлімінің сарапшысы, бас сарапшысы.
2006-2009 жылдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді.
2009-2012 жылдары — ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті төрағасының орынбасары.
2012-2014 жылдары — ҚР Экономикалық қылмысқа жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қаржы полициясы) орталық аппаратында департамент бастығы.
2015-2016 жылдары — Астана қаласы әкімінің аппарат басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы хатшылығының меңгерушісі.
2016-2017 жылдары — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаменті басшысы.
2017-2018 жылдары — Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
2018-2019 жылдары — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары.
2019-2022 жылдары — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін — Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы.
2023 жылдың 3 сәуірінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.
2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды.
ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
Спикер
Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары
Өмірбаяны
Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев
Қазақстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары
1969 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы коммерциялық ұйымда экономист болып бастады.
1994 жылдан бастап 1997 жылға дейін — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі.
1997 жылы — ҚР Экономика және сауда министрлігінде сауда-өндірістік бірлестіктің экономикалық мәселелер жөніндегі директоры, өңірлік саясат бөлімінің басшысы.
1997-1998 жылдары — «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы» ЖАҚ жиынтық-қаржылық департаментінің басшысы, экономикалық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
1998-2000 жылдары — ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрілігінің мұнай және газ департаментінің директоры.
2000 жылы — ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі.
2001 жылы — «KEGOC» ААҚ бірінші вице-президенті.
2001-2007 жылдары — «KEGOC» ААҚ президенті.
2007-2008 жылдары — «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ басқарма төрағасы.
2008-2009 жылдары — «KEGOC» АҚ басқарма төрағасы.
2009 жылдан бастап 2013 жылға дейін — Жамбыл облысының әкімі.
2013-2016 жылдары — Павлодар облысының әкімі.
2016 -2019 жылдары — ҚР энергетика министрі.
2019-2021 жылдары — ҚР Президентінің көмекшісі.
2021-2022 жылдары — Алматы облысының әкімі.
2023-2024 жылдары — ҚР Президентінің кеңесшісі.
2024 жылғы 31 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Өзінің лауазымдық міндеттері аясында келесі мәселелерді үйлестіреді:
- өңірлік саясат мәселелері;
- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері;
- су ресурстары және ирригация мәселелері;
- төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері.
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев
Спикер
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Өмірбаяны
Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі
1981 жылы Ресей Федерациясында туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.
Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының Петрокоммерц банкінің Клиенттерді басқару басқармасының менеджері болып бастаған. 2006-2008 жылдары «Сити» инвестициялық банкінің Лондон (Ұлыбритания), Прага қалаларындағы (Чехия) Қаржы департаментінде маман болып жұмыс істеген. 2008-2014 жылдары «Сити» инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті болған. 2014-2015 жылдар аралығында Ұлыбританияның «Сити» инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымын атқарған. 2015-2017 жылдары Қазақстанның Ситибанкінде бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті болған. 2017-2020 жылдар аралығында Ресей Федерациясының «Сити» инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып жұмыс істеген. 2020 жылы «Сити» инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымына тағайындалған.
2022 жылғы ақпаннан бастап «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы қызметін атқарған.
2023 жылдың 4 кыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
Әлібек Сакенұлы Қуантыров
Спикер
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
Өмірбаяны
Әлібек Сакенұлы Қуантыров
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары
1983 жылғы 14 қарашада Атырау қаласында дүниеге келген. 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» және «Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация» мамандықтары бойынша бітірген. 2010 жылы Мичиган университетінде «Болашақ» бағдарламасы бойынша қолданбалы экономика магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2005 жылы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің, Халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы ретінде бастады. 2006 жылдан 2010 жылға дейін ҚР ЭБЖМ және ЭДСМ Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінде сарапшы және бас сарапшы болып жұмыс істеді.
2010 жылдан бастап ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті Стратегиялық әзірлемелер басқармасының бастығы және ҚР Қаржы министрлігінде Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды.
2013 жылғы ақпанда ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары, ал 2013 жылғы маусымнан 2019 жылғы сәуірге дейін Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып қызмет атқарды.
2019 жылдың сәуірінен 2021 жылдың ақпанына дейін ҚР Тұңғыш Президенті Кеңсесінің талдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
2021 жылғы ақпанда Ұлттық экономика вице-министрі, ал 2022 жылғы қаңтардан 2024 жылғы ақпанға дейін ҚР Ұлттық экономика министрі болды.
Басқа лауазымдар:
– «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (11.01.2022-06.02.2024).
– «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (04.02.2022 - 06.02.2024).
– «Астана» халықаралық қаржы орталығы» Басқарма кеңесінің мүшесі (11.01.2022-06.02.2024);
– «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі (11.01.2022 - 06.02.2024).
– «Экономикалық зерттеулер институты (ERI)» Директорлар кеңесінің төрағасы (11.01.2022 - 06.02.2024).
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2024 жылдың сәуірінен бастап «KAZENERGY» қауымдастығының бас директоры болды.
Ағылшын, испан және неміс тілдерін меңгерген.
Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанкулов
Спикер
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы
Өмірбаяны
Ғабидолла Абдуллаұлы Оспанкулов
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы
2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін және Бирмингем университетін бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы «Евразия Консалтинг» ЖШС-де заңгер көмекшісі ретінде бастаған. 2002-2010 жылдары ҚР Парламенті Сенатында және ҚР Президентінің Парламенттегі Өкілдігінде әртүрлі қызметтер атқарған. 2010-2019 жылдары Екібастұз қаласы мен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігінде басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2019 жылы «NurOtan» партиясының хатшысы болған. 2019-2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, 2021-2024 жылдары Мемлекеттік инспектор, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінде меңгерушінің орынбасары және бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2023-2024 жылдары Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппараты Басшысының Бірінші орынбасары қызметін атқарған.
Инвестициялар комитетінің төрағасы болып тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болған.
Райан Чилкотт
Модератор
Тележүргізуші (CNN, Bloomberg)
Өмірбаяны
Райан Чилкотт
Тележүргізуші (CNN, Bloomberg)
Райан Чилкотт - танымал журналист, модератор және жүргізуші
2023 DuPont сыйлығының иегері және Эмми сыйлығына үміткер.
Райан Чилкотттың жаһандық мәселелер мен экономика бойынша тәуелсіз комментатор, Bloomberg TV, CNN, CBS және PBS NewsHour арналарының халықаралық тілшісі және жүргізушісі ретінде 25 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол халықаралық қаржы нарықтары, бизнес, экономика, сауда, өнеркәсіп, энергетика және табиғи ресурстар саласындағы сарапшы.
Райан Чилкотт Владимир Путиннен бастап БҰҰ-ның қазіргі Бас хатшысы Антониу Гутеррешке дейінгі түрлі әлемдік көшбасшылармен келіссөздер жүргізді.
Репортаждардан басқа, Райан Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум, Эр-Риядтағы Болашақ минералдар форумы және т.б. сияқты әлемдегі ең беделді конференциялардың модераторы болды.
Болат Ақшолақов
Спикер
Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі
Өмірбаяны
Болат Ақшолақов
Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі
Білімі:
- Қазақ мемлекеттік басқару академиясы – «Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды бағалау», «Мұнай өндіру экономикасы» мамандығы
Жұмыс тәжірибесі:
- Alem Bank Kazakhstan, бас экономист (1994)
- Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің бөлім меңгерушісі, департамент директоры (1995-1997)
- «Қазақойл» ҰОК ЖАҚ аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, департамент директорының орынбасары (1997-2001)
- Бизнес-аналитик, менеджер, қаржы директоры Commonwealth and British Services Ltd (2001-2003)
- «Қазмұнайгаз» ҰОК БК ЖАҚ үлестерін басқару жөніндегі атқарушы директоры (2003-2006)
- Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі (2006-2008)
- «PSA» ЖШС бас директоры (2010-2011)
- «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті (2011 ж.)
- «Almex Petrochemical» ЖШС бас директоры (2014-2017)
- Қазақстан Республикасының энергетика министрі (2022 ж.)
- Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі (2023 жылдан бастап)
Рамез Аль-Хайят
Спикер
Power International Holding (PIH) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры
Өмірбаяны
Рамез Аль-Хайят
Power International Holding (PIH) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры
Рамез Аль-Хайят – Катарлық кәсіпкер, Power International Holding (PIH) компаниясының президенті және бас атқарушы директоры, мұнай және газ, энергетика және коммуналдық қызметтер, құрылыс, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнеркәсібі, қонақ үй бизнесі және ойын-сауық сияқты салаларда қызмет ететін көпсалалы жаһандық конгломерат. Батыс Шотландия университетін бітірген Рамез алған білімін және кәсіпкерлік қабілеттерін PIH компаниясын дамыту мен табысқа жетуге арнады. Power International Holding (PIH) араб әлеміндегі ең үздік 100 отбасылық компанияның ішінде 12-орында және 19 елде қызмет етеді.
Рамез Аль-Хайят топтың барлық компанияларын атқарушы басқаруда белсенді түрде қатысады және президент пен басқарушы директор қызметін атқарады. Ол келесі компанияларды басқарады:
UCC Holding: Энергетикалық концессиялар және құрылыс, жеке компания
- ENR (АҚШ) рейтингі бойынша халықаралық мердігерлер арасында 42-орында, энергетика секторында 10-орында, құрылыс секторында 112-орында
- Мұнай-газ және энергетика салаларында 15 ірі көпмиллиардтық жобалар
- Инфрақұрылым және жалпы мердігерлік салаларында бүкіл әлем бойынша 1200 жоба
- 19 елде қызмет етеді
Estithmar Holding: Денсаулық сақтау, қызмет көрсету, жылжымайтын мүлік және мамандандырылған құрылыс, Катар қор нарығында тіркелген ашық компания
- Халықаралық байланыстары бар 8 аурухана.
- Нысандарды басқару және тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша ірі топтар
- 150 000 ш.м. өндірістік алаңдар
- 6 ірі туристік жоба
- 12 мамандандырылған құрылыс компаниясы
Baladna: Ауыл шаруашылығы азық-түлік өнеркәсібі, сүт өнімдерін өндіруші, Катар қор нарығында тіркелген ашық компания және азық-түлік қауіпсіздігі саласында маңызды рөл атқарады:
- Шырындар нарығының 70%-ын иеленеді
- 25 000 ірі қара малы, 270 өнім атауы
- Baladna Egypt сүт және сусындар нарығында маңызды рөл атқаратын Juhayna Food Industries компаниясының 20%-ын иеленеді.
Baladna Algeria:
- 117 000 гектар жер, 270 000 бас ірі қара, жылына 1,7 миллиард литр сүт өндіреді.
Assets: Жылжымайтын мүлік және қонақ үй бизнесі, жеке компания
- Бүкіл әлем бойынша 56 нысан
- 5000-нан астам қонақүй және курорттық нөмірлер
- Сауда орталықтары және бөлшек бизнес
Aura: Мейрамханалар және тақырыптық ойын-сауық парктері, жеке компания
- 120 мейрамхана
- 5 ірі ойын-сауық тақырыптық парктері
Кәсіпкерлік шеберлігі, стратегиялық көрегендігі және қайырымдылық қызметі арқасында Рамез Аль-Хайят әлемге танылған құрметті кәсіпкер ретінде беделге ие болды. Оның әртүрлі салалардағы үлесі, инновацияларға адалдығы және қоғамның әл-ауқатына деген қамқорлығы бизнес ландшафтын қалыптастырып, көптеген адамдардың өмірін жақсартуға айтарлықтай әсер етті.
Ли Сэючунь
Спикер
Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы
Өмірбаяны
Ли Сэючунь
Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы
Туған күні: Мамыр 1955 ж.
Білімі: Бакалавр;
- Цилу Политехникалық университетінің өнеркәсіптік ашыту мамандығы (1982 ж.);
Еңбек қызметі:
1982 – 1984 жж. - Цзюйнань уезіндегі шарап зауытында техникалық маман;
1984 – 1985 жж. - Цзюйнань уезіндегі шарап зауытының директор орынбасары;
1985 – 1996 жж. - Цзюйнань уезіндегі шарап зауытының директоры;
1996 – 1999 жж. - Shandong Furui Group компаниясының бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы;
1999 жылдың маусымынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Fufeng Group компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы.
Марко Арчелли
Спикер
Бас Атқарушы Директор ACWA Қуаты
Өмірбаяны
Марко Арчелли
Бас Атқарушы Директор ACWA Қуаты
Марко Арчелли-ACWA Power компаниясының өсіп келе жатқан жаһандық қатысуының стратегиясы мен операцияларын қадағалауға және оның бүкіл әлем бойынша одан әрі өсуі мен табысын қамтамасыз етуге жауапты Бас Атқарушы Директор.
Ол энергетика және инфрақұрылым, бөлшек сауда және цифрлық инновациялар саласында 20 жылдан астам халықаралық тәжірибесі бар тәжірибелі топ-менеджер. Ол трансұлттық компаниялардың стратегиялық орналасуы мен өсуінде шешуші рөл атқарды. Марко энергетика саласындағы сарапшы ретінде әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды, соның ішінде Enel Trade КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ, Upstream Gas КОМПАНИЯСЫНЫҢ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ, Enel Компаниясының Солтүстік Америкадағы бөлімшелерінің БАС ДИРЕКТОРЫ және EP New Energy Басқарма Төрағасы.
Марко сонымен қатар IESE және Гарвард Бизнес Мектебінің жағдайлық зерттеулерінде көрсетілген екі корпоративтік трансформацияны басқара отырып, қайта құру және операциялар туралы терең білімге ие. Ол Сонымен қатар халықаралық Энергетикалық Агенттіктің шолушысы.
Ол СОНДАЙ-ақ елдегі және ЕО деңгейіндегі саяси келіссөздерді басқара отырып, қоғаммен байланыс пен үкіметпен қарым-қатынасқа айтарлықтай үлес қосты. Ол экологиялық, әлеуметтік және басқару (ESG) мәселелерінің сенімді жақтаушысы болып табылады және Германия мен Ресей қор биржаларында листингілік компаниялардың Аудит Және Персоналды Басқару Комитетінің мүшесі қызметін атқарды.
Көптеген директорлар кеңесінің белсенді мүшесі Марко сонымен қатар іскер әйелдер мен жас таланттарды қолдайтын ұйымдардың тәлімгері болып табылады.
Ол Италиядағы Генуя Университетінде (Università degli Studi di Genova) Машина жасау Магистрі Дәрежесін алып, Гарвардтың Жетілдірілген Менеджмент Бағдарламасын бітірді.
Нитин Капур
Спикер
«AstraZeneca»компаниясының халықаралық биофармацевтика өңірі бойынша вице-президенті
Өмірбаяны
Нитин Капур
«AstraZeneca»компаниясының халықаралық биофармацевтика өңірі бойынша вице-президенті
«АстраЗенека»-да Капур мырза келесідей салаларға жауапты:
- Халықаралық және Шекаралық нарықтарда Биофармацевтика бойынша Вице-президент, өнімдер мен бастамалардың кең және серпінді портфолиосын қадағалайды.
- «АстраЗенека»-ның Вьетнамдағы төрағасы, стратегиялық бағытты басқарып, компанияның өсуіне жетекшілік етеді.
- Әртүрлі халықаралық бизнес-форумдар мен палаталардың негізгі қатысушысы, халықаралық сауда қатынастарын дамытуға және қорғауға үлес қосады.
Капур мырзаның басшылығы стратегиялық альянстарды жеңілдетуде және «АстраЗенека»-ның COVID-19 вакциналарын бүкіл халықаралық аймақта таралуын қадағалауда, өмірді сақтайтын емдеу әдістеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Бұл маңызды рөл оған денсаулық сақтау мен халықаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін халықаралық мойындау және беделді марапаттар әкелді. Жалпы алғанда, «АстраЗенека» бүкіл әлем бойынша COVID-19 вакцинасының 3 миллиард дозасын таратты, оның 86 пайызы (2,5 миллиард дозаға тең) компанияның халықаралық аймағындағы 105 елге жеткізілді, бұл аймақтарда Капур мырза вице-президент болып табылады әрі вакциналар бағытын қадағалайды.
Мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің қолдаушысы ретінде Капур мырза қоғамдық денсаулыққа, әсіресе жұқпалы емес аурулармен күресте және тұрақты даму бастамаларын ілгерілетуде айтарлықтай әсер ететін ынтымақтастықты жақтайды. Оның болашаққа деген көзқарасы «АстраЗенека»-ны жаһандық денсаулық сақтау және инновация саласындағы көшбасшы ретінде бейнелейді.
Ян Гуочун
Спикер
CHN Energy Investment Corporation компаниясы Бас директорының орынбасары
Өмірбаяны
Ян Гуочун
CHN Energy Investment Corporation компаниясы Бас директорының орынбасары
Туған күні мен жері: 1968 жылғы қыркүйек, Факу, Ляонин, ҚХР.
Білімі: Магистр дәрежесіне ие
Кәсіби мансап:
Қытай Коммунистік партиясының мүшесі. Қазіргі уақытта КН Энерджи Инвестмент Корпорейшн компаниясының Бас директорының орынбасары және партия тобының мүшесі қызметін атқарады. Бұрын Шэньхуа Баотоу көмір-химия компаниясының басқарма төрағасы, бас менеджері, China Shenhua Coal Oil & Chemical Co., Ltd компаниясының бас менеджері, КН Энерджи Инвестмент Корпорейшн компаниясының бас инженерінің орынбасары және химия бөлімінің директоры қызметтерін атқарған.
Марапаттары:
Ол «Көмірді олефин және олефин көмір химиясы өнеркәсібінің ірі заманауи технологиясын әзірлеу және қолдану» жобасы бойынша ұлттық ғылыми-техникалық прогресс үшін бірінші дәрежелі марапатқа ие болды. «Баотоу, Қытайдағы көмірді олефинге айналдыру өнеркәсіптік технологиясын әзірлеу және қолдану» жобасы Қытайдың Мұнай және химия өнеркәсібі федерациясының ғылыми-техникалық прогреске қосқан үлесі үшін арнайы марапатына ие болды. Ол 2016-2017 жылдардағы Ұлттық сапа инженериясының көрнекті үлесі атағымен марапатталды. Сондай-ақ, «Көмірден төмен көміртекті олефиндер өндірісі және инженериясы» атты кітапты редакциялап, жариялады және 12 авторлық патентке ие.
Ларс Леманн
Спикер
Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы вице-президент
Өмірбаяны
Ларс Леманн
Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы вице-президент
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР
1966 жылы туған, әйелі және үш баласы бар (17, 21 және 26 жаста).
ҚЫСҚАША СИПАТТАМА
FMCG саласында үлкен халықаралық тәжірибесі бар бизнес-көшбасшы, серіктестіктер мен бірлескен кәсіпорындарды құру, түрлі бизнес-мәселелерді шешуде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген. Сату және маркетинг саласында маманданған, келіссөздер жүргізу бойынша тәжірибелі және білікті маман.
БІЛІМІ
2015 Лондон бизнес мектебі, Корпоративтік курс «Бас директорларды дамыту»
2004 IMD, Корпоративтік курс
1993-1994 Халықаралық Жарнама Қауымдастығының дипломы (IAA)
1990-1992 Копенгаген бизнес мектебі, Іскерлік әкімшілендіру және халықаралық маркетинг магистрі (cand.merc.)
1991 Лондон бизнес мектебі, Халықаралық алмасу бағдарламасы/MBA
1987-1990 Копенгаген бизнес мектебі, Іскерлік әкімшілендіру бакалавры (HA)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ
2003 жылдан бастап – Carlsberg Group
Орталық және Шығыс Еуропа бойынша атқарушы вице-президент (2021 жылдың қаңтарынан бастап)
• Carlsberg Group Атқарушы комитетінің (ExCom) мүшесі
Шығыс Еуропа бойынша атқарушы вице-президент және Ресейдегі «Балтика» сыра зауытының президенті (2019 жылдың мамыры – 2020 жылдың желтоқсаны)
Экспорт, лицензиялау және бажсыз сауда бойынша бас директор (ExLiD, 2008 жылдың мамыры – 2012 жылдың қыркүйегі)
Шығыс Еуропа және BBH бойынша коммерциялық вице-президент (2005 жылдың сәуірі – 2008 жылдың сәуірі)
Топтық сату, маркетинг және инновациялар бойынша коммерциялық даму директоры (2003 жылдың сәуірі – 2005 жылдың наурызы)
2000-2003 Action Nordic (Солтүстік Еуропадағы №1 тікелей маркетинг агенттігі)
Бизнес бөлімшесінің менеджері (2001 жылдың шілдесі – 2003 жылдың наурызы)
• 3 жыл ішінде бизнесті үш есеге арттырды. Клиенттерді Даниядан Солтүстік нарықтарға (SCA, Kraft) және Ресей мен Венгрияға кеңейту
Жоба менеджері (2000 жылдың сәуірі – 2001 жылдың маусымы)
1992-2000 Unilever Danmark (Frisko Is)
Маркетинг менеджері (1999 жылдың наурызы – 2000 жылдың наурызы)
Негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер (1998 жылдың қаңтары – 1999 жылдың ақпаны)
Аймақтық сату менеджері (1996 жылдың желтоқсаны – 1997 жылдың желтоқсаны)
Сыртқа қолдануға арналған балмұздақ бренд менеджері (Magnum, Cornetto, Solero) (1994 жылдың желтоқсаны – 1996 жылдың қарашасы)
Үйде пайдалануға арналған балмұздақ бренд менеджері (Carte D’Or, Viennetta, 1993 жылдың маусымы – 1994 жылдың қарашасы)
Менеджмент бойынша тағылымгер (1992 жылдың қыркүйегі – 1993 жылдың мамыры)
1996-1998 Нильс Брок / Ишой сауда мектебі (бизнес колледжі)
Кешкі уақытта әртүрлі бизнес пәндерден оқытушы
1990-1992 Lyngby Storcenter (Даниядағы №1 сауда орталығы)
Маркетинг менеджері, уақытша (1991 жылдың ақпаны – 1991 жылдың тамызы)
Қаржы менеджері, Lyngby Storcenter Konto (1990 жылдың қаңтары – 1991 жылдың қаңтары)
Маттео Патроне
Спикер
Банктік операциялар бойынша Вице-президент Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)
Өмірбаяны
Маттео Патроне
Банктік операциялар бойынша Вице-президент Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ)
Хэ Чжэньвэй
Спикер
Қытайдың Шетелде кәсіпорындарды дамыту қауымдастығының төрағасы
Дулатбек Икбаев
Модератор
Басқарушы серіктес, McKinsey & Company
Өмірбаяны
Дулатбек Икбаев
Басқарушы серіктес, McKinsey & Company
Білімі:
КИМЭП Университеті
Іскерлік әкімшілік және қаржы мамандығы бойынша бакалавр
Өткен тәжірибесі:
3M Қазақстан
Қаржы директоры
Sun Drilling
Экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы
P&G Орталық Азия
Қаржылық талдау менеджері
Дулатбек туралы:
Дулатбек McKinsey компаниясының Орталық Азиядағы кеңсесінің басқарушысы болып табылады. Компанияға қосылған сәттен бастап, ол мұнай-газ, банк және телекоммуникация салаларындағы мемлекеттік мекемелер мен жеке сектордағы клиенттерге әртүрлі өңірлерде кең ауқымды мәселелер бойынша қолдау көрсетті.
Орталық Азия және Таяу Шығыстағы мемлекеттік клиенттермен жұмыс істей отырып, Дулатбек өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларды экономикалық дамыту, салық саясатын қайта қарауға қолдау көрсету, бюджеттік шоғырландыру бағдарламасын әзірлеу, үкіметтің орта мерзімді басымдықтарын анықтауға көмек көрсету, сондай-ақ жобаларды іске асыру тиімділігін арттыруға бағытталған бөлімшені іске қосу сияқты мәселелермен айналысты.
Дулатбек сонымен қатар банк, телекоммуникация, құрылыс және мұнай-газ салаларындағы көптеген жеке сектордағы клиенттерге халықаралық кеңейту стратегиясын әзірлеу, бірігуді басқару, қарыздарды өндіріп алу функцияларын толық қайта құру, сауда және тәуекелдерді басқару стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ инвестициялық стратегияларды әзірлеу бойынша кеңес берді.
McKinsey компаниясына келгенге дейін Дулатбек мұнай-газ және жылдам тұтынылатын тауарлар секторындағы бірнеше компанияларда қаржы саласында 10 жыл жұмыс істеді.
Дулатбек Қазақстан тумасы, ағылшын және орыс тілдерін еркін меңгерген.
Гохан Байхан
Спикер
Аға Вице-Президент - Ресей/ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка Wabtec корпорациясы
Өмірбаяны
Гохан Байхан
Аға Вице-Президент - Ресей/ТМД, Еуропа, Таяу Шығыс және Африка Wabtec корпорациясы
Білімі: Gannon университеті, Science in Electrical Engineering бакалавр дәрежесіне ие, Pittsburgh университетінің жанындағы Katz бизнес мектебі, қаржы магистрі дәрежесі.
Жұмыс тәжірибесі:
Гохан Байхан GE Transportation компаниясына 1997 жылы қосылып, Эри қаласында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеді. 1998 - 2001 жылдар аралығында ол маркетинг менеджері болып жұмыс істеді, жаңа өнім шығару және локомотивті жаңарту бойынша халықаралық нарықтарға жауапты болды. 2001 жылы ол сервистік қызметтер мен бизнесті дамыту жөніндегі коммерциялық ұсыныс дайндауға жауапты қаржы менеджері лауазымына тағайындалып, қаржы бөлімшесіне ауысты. 2003 жылы Гохан жаңа локомотивтер мен модернизация бойынша коммерциялық мәмілелерге жауапты қаржы менеджері болып тағайындалды. 2004 жылдан бері ол стратегиялық маркетинг тобына ауысты және осы топта бірнеше лауазымды, соның ішінде стратегиялық баға орнату жөніндегі басшы лауазымын атқарды. 2007 жылғы тамыз айында ол Ресейдегі, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдеріндегі аймақтық басшы болып тағайындалып, Түркия, Стамбулға көшті. 2009 жылғы желтоқсан айында ол Ресей, ТМД және Оңтүстік-Шығыс Еуропа бойынша бас директор болып тағайындалды, ал 2012 жылғы желтоқсанда оның қызмет аймағы кеңейіп, Еуропа мен Таяу Шығысты қамтыды. GE Transportation компаниясының Wabtec корпорациясын сатып алғаннан кейін 2019 жылғы ақпанда Гохан сол аймақты және Африканы басқара бастады. Оның қызметі – ТМД, Еуропа және Африка аймақтарының Аға Вице-Президенті.
Гильем Гранье
Спикер
Sanofi компаниясының Еуразия өңіріндегі вакциналар бойынша Бас менеджері
Өмірбаяны
Гильем Гранье
Sanofi компаниясының Еуразия өңіріндегі вакциналар бойынша Бас менеджері
Гильем Гранье Sanofi-дің 15 елді қамтитын Еуразия өңіріндегі вакциналар бойынша Бас менеджері.
Фармацевтика дәрежесіне ие Гильем Гранье биофармацевтика саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Sanofi-де жұмыс істеген жылдарында ол Еуропа, Азия, Қытай және Африка сияқты түрлі өңірлерде жұмыс істеді. Оның жұмыс бағыттары арасында Арнайы күтім, Жалпы медицина, Тұтынушыларға арналған денсаулық сақтау және Дженериктер бөлімшелері болды. Ол 2012 жылға дейін Тунис пен Ливияда Бас менеджер, 2019 жылға дейін Украинада Ел басқарушысы және Фарма бас менеджері, 2022 жылға дейін Қытай Халық Республикасында Коммерциялық тиімділік бөлімінің басшысы ретінде қызмет атқарған.
Жақында Гильем Гранье Франциядағы Трансплантация саласының Жаһандық нарық жетекшісі болды. 2024 жылдың шілде айынан бастап, ол Sanofi компаниясының Еуразия өңіріндегі вакциналар бойынша Бас менеджер қызметіне кірісті.